Институт маркетинговых и социологических исследований Elim
Маркетинговая компания в Астане и Алматы +7 (701) 711-71-11

Әлеуметтік зерттеу: «Дағдарыс кезеңінде қазақстандықтарды мазалайтын сұрақтар»

Версия этой статьи на русском языке.

«Дағдарыс кезеңінде қазақстандықтарды мазалайтын сұрақтар» атты әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
Зерттеу «ИМСИ» мамандарының қатысуымен Қазақстан бойынша 306 респондентті қамтып және қалалар мен гендерлік ерекшеліктері бойынша кездейсоқ түрде іріктеліп, телефон әдісі арқылы әлеуметтік сауалнама жүзеге асырылды.
Зерттеу барысында респонденттерге: «Сізді қазіргі уақытта қандай сұрақ көбірек мазалайды?» деген сұрақ қойылды.

1. Қазақстан қалалары бойынша әлеуметтік зерттеу іріктемесі

Қала Сауалнамаға қатысушылар саны
Алматы 83
Астана 71
Ақтөбе 56
Қарағанды 22
Қостанай 15
Шымкент 14
Павлодар 13
Өскемен 10
Орал 9
Петропавловск 6
Ақтау 2
Тараз 2
Қызылорда 1
Атырау 1
Көкшетау 1

2. Әлеуметтік зерттеудің гендерлік бөлінуі

Жыныс Пайыз
Әйел адам 43%
Ер адам 57%

Әлеуміттік зерттеу нәтижесі

Қазіргі таңда қазақстандықтардың 37% елімізде орын алып отырған ағымдағы экономикалық жағдай көбірек мазалайды.  Жиі қайталанатын өзекті мәселелер:

  • Қазақстандағы экономикалық проблемалар;
  • Елдегі экономикалық жағдайдың салдарынан ақшаның жетіспеуі;
  • Жалақының аздығы, қаржылық қиындықтар;
  • Қазақстандағы қаржы-экономикалық дағдарыс және оның барлық салаларға тигізген салдары;
  • Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі;
  • Жұмыссыздықтың артуы;
  • Теңге девальвациясы.

Қазақстандықтар үшін маңызды мәселелердің тізімінде Қазақстандағы бағалардың өсуі - сұралғандардың 12% -ы, ал екінші және үшінші орындарда жеке бас мәселесі мен тұрғын үй мәселелерінің маңыздылығы басымырақ – 8%.
Қазіргі уақытта қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін келесі мәселелер өз өзектілігін байқатып отыр деуге болады, яғни респонденттердің (5% -дан төмен) пайымдауынша, олар:

  • Сыбайлас жемқорлық - 4%;
  • Қазақстандағы білім реформасы - 4%;
  • Бензиннің тапшылығы - 4%;
  • Қазақстандағы медицина реформасы - 3%;
  • Қазақстандағы және әлемдегі экологиялық жағдай - 3%;
  • Әлеуметтік мәселелер - 3%;
  • Мансап - 3%;
  • Көлік мәселелері - 2%;
  • Елдегі саяси дағдарыс 2%.

Қазақстандықтардың тек 3% -ын қазіргі уақытта ештеңе ойландырмайды, олардың ойынша елімізде де, жеке бастарында да бәрі жақсы, проблема жоқ. Ал респонденттердің 4% -ы бұл сұраққа жауап беруге қиналды.

3. Әлеуметтік зерттеудің нәтижесі

Проблеммалар Пайыз
Елдегі экономикалық жағдай 37%
Бағаның өсуі 12%
Жеке бас мәселесі 8%
Тұрғын үй мәселесі 8%
Сыбайлас жемқорлық 4%
Қазақстандағы білім реформасы  4%
Бензиннің тапшылығы  4%
Қазақстандағы медицина реформасы  3%
Қазақстандағы және әлемдегі экологиялық жағдай  3%
Әлеуметтік мәселелер  3%
Бәрі жақсы, проблема жоқ 3%
Мансап  3%
Көлік мәселелері  2%
Елдегі саяси дағдарыс  2%
Жауап беруге қиналамын 4%

Не пропустите новые статьи! Подпишитесь на информационную рассылку "ИМСИ Elim".